Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері тұрғынға жоғалған табынды тауып берді

Қостанай полицейлері тұрғынға жоғалған табынды тауып берді, сондай-ақ жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Науырзым ауданында полицейлер қолайсыз ауа-райында еркін жайылымнан жоғалып кеткен 213 жылқы табынын тапты. Полицейлер бір тәулік ішінде жоғалған малды иесіне – Дәметкен Оразбаеваға қайтарып берді.

Әйел тәртіп сақшыларына көрсеткен көмегі мен жеделдігі үшін алғысын жеткізді.

Сол күні қызметкерлер кюветке түсіп кеткен жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Аудандық бөлімнің полициясына Дәмді ауылының шаруа қожалығының басшысы жүгінді. Ол жылқылардың далада жайылып жүргенін хабарлады. 15 қарашада мал иесі оларды таппай қалады, сол кезде боран көтеріле бастаған.

– Полиция бөлімінде мал іздеу үшін екі топ құрылды. Полицейлер Аслан Испустинов пен Айбар Қасымов бір тәулік ішінде жылқыларды Дәмді ауылынан 25 шақырым жерде тапты, – деп түсіндірді Науырзым аудандық полиция бөлімінің бастығы Мереке Жанзақов.

Жоғалған табын иелеріне қайтарылды. Сол күні тәртіп сақшылары жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Боран кезінде жүргізуші Әулиекөл-Жалдама автожолында рөлге ие бола алмай, кюветке түсіп кеткен.

Ол ЖКО фактісі туралы «102» сымтетігіне хабарлады. Полицейлер арнайы техниканың көмегімен бірнеше сағат бойы ауыр жүкті сүйретіп шығаруға тырысты. Жүргізуші Денис Кривченко полиция қызметкерлеріне, Ербол Өтегенов пен Нұрымжан Қадыржановқа алғысын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру