Ақмолада жол апатының кесірінен 5 жылқы арам өлді
Ақмолада жол апатының кесірінен 5 жылқы арам өлді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қараша күні сағат 23:45 шамасында Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолының 1184 шақырымында жылқылардың қатысуымен ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Соқтығысу нәтижесінде жануарлар оқиға орнында өліп кетті. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Алайда автокөлікке механикалық зақым келді.
Бастапқы ақпарат барысында Volvo автокөлігінің жүргізушісі, Қостанай қаласының 43 жастағы тұрғыны Екатеринбург-Алматы автожолымен Қостанай қаласы бағытында жүріп келе жатып, жолдың жарықтандырылмаған учаскесінде үй жануарлары-жылқылармен соқтығысқаны анықталды.
Апат салдарынан оқиға орнында 5 бас жылқы арам өлді. Айта кету керек, жануарларда таңбалар мен белгілер жоқ.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жылқы иесінің жеке басын анықтауда.