Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны өз үйінде жанар-жағармай материалдарын сатқан

Өскемен тұрғыны өз үйінде жанар-жағармай материалдарын сатқан, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Отын-энергетика саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша» жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде ШҚО ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері облыс орталығының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз сақтаған және сатқан деп күдіктелуде.

Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жедел тінту жүргізілді. Оның барысында үйдің ауласында орналасқан шаруашылық үй-жайынан: көлемі 6 тонна цистерна, көлемі 200 литр дизель отынының ерекше иісі бар сұйықтықпен толтырылған 12 бөшке, екі сорғы және сұйықтығы бар 20 литрлік металл канистр табылды және тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 197-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қаскөйге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру