Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да маневр жасау ережелерін бұзудың 12 дерегі тіркелді

СҚО-да маневр жасау ережелерін бұзудың 12 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қарашадан бастап СҚО жолдарында тексерулер күшейтілді. Полицейлер “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – апаттылықты азайту, жол қозғалысының барлық қатысушыларының тәртібін арттыру. Алғашқы тәулікте жол жүрісі қағидаларының 474 түрлі бұзушылығы анықталды. Өрескел бұзушылықтардың 12-сі – маневр жасау ережелерін бұзу. Айта кету қажет, жыл басынан дәл осы бұзушылық 31 жол-көлік оқиғасына себеп болды, онда 9 адам қаза тауып, 52-сі жарақат алды.

Өткен тәулікте жүргізушілер тарапынан жасалған бұзушылық – қауіпсіздік белдіктерін тақпау болды. Мұндай 45 жағдай анықталды. Екінші орында саны жағынан көп тіркелген бұзушылықтар – көлік басқару кезінде телефонмен сөйлесу және көлік құралын құжатсыз басқару. Бұзушылықтың бұл екі түрі 31 рет тіркелген. Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізудің 24 фактісі анықталды.

– Жиі жасалатын бұзушылық жаяу жүргіншілер тарапынан болады. Бұл – көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өту немесе бағдаршамның тыйым салатын түсіне өту. Бір тәулікте мұндай 61 жағдай тіркелді. Бұдан бөлек, 10 айда жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы 24 жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болды, салдарынан екі адам қаза тауып, 23 адам жарақаттар алды. Сонымен қатар өткен тәулікте мас жүргізуші ұсталды. Қозғалыстың барлық қатысушыларынан заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды және жолдарда қауіпсіз жүру үшін жалпыға ортақ тәртіпті естен шығармауды сұраймыз, – дейді ҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру