Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлік полицейлері гашиш өткізген ер адамды ұстады

Астанада көлік полицейлері гашиш өткізген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, Астана қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізген ер адамды ұстады.

Жұмыс орны бойынша тінту кезінде ұсталған адамның жеке шкафында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар 4 полиэтилен орамы тәркіленді.

Тәркіленген зат салмағы 240 грамм гашишті болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру