Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адамға дене жарақатын салған күдікті құрықталды

 Ақмолада ер адамға дене жарақатын салған күдікті құрықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

21 қарашада Есіл аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухананың медбикесінің Қаракөл кентінің 45 жастағы тұрғыны “Аяқ-қолдардың сынуы, алкогольдік мас болу” диагнозымен медициналық көмекке жүгінгені туралы хабарламасы келіп түсті.

Ер адамға бұрын сотталмаған 29 жастағы ауыл тұрғыны жағымсыз қарым-қатынас негізінде дене жарақатын салғаны анықталды.

Осы факті бойынша Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру