Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 350-ден астам адам жауапқа тартылды

ШҚО-да табиғат қорғау заңнамасын бұзған 350-ден астам адам жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жалпы республикалық жедел -профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оған жергілікті полиция қызметінің, көші-қон және криминалдық полицияның, сондай-ақ «Орманға жедел ден қою жасағы» КММ инспекторы, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының аңшылық шаруашылығы күштері жұмылдырылған.

Облыс бойынша барлығы 380-нен астам рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Оның барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзған 10 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде екі заңсыз аң аулау фактісі, жеті балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі және бір жерді тиісті пайдаланбау фактісі анықталды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардың 358-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 236-сы – аң аулау қағидаларын бұзған, 101 – балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін, 8 – ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін, 8 – қаруды сатып алу, беру, есепке алу, сақтау тәртібін бұзғаны үшін, тегіс ұңғылы, газды қару мен патрондарды сақтау, алып жүру, тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін – 5.

Құқық бұзушылық жасаған 78 бірлік құрал, оның ішінде төрт қайық, үш қайық моторы, алты бірлік атыс қаруы және жалпы ұзындығы 5 850 метр ҚХР өндірген 65 монофиламенттен жасалған синтетикалық ау тәркіленді. Барлық тәркіленген ау өртеу арқылы жойылды.

Жалпы сомасы 1,6 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру