Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі сотталған жылқы өсірумен айналысады

Қызылорда облысында есептегі сотталған жылқы өсірумен айналысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған аудандық пробация есебіндегі Алмас есімді сотталған өз кәсібін ашып, ісін алға жүргізіп отыр. Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен (Бұзақылық) кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация есебіне алынған.

Жеке кәсіп ашсам деп ниеттенген Алмасқа пробация инпекторлары құқықтық көмек көрсетеді. Нәтижесінде ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық Кәсіпкерлік негіздері курсын оқып, онлайн тестілеуін тапсырып, сертификатын алып, өз жобасын қорғап шыққан. Мемлекеттен қайтарымсыз 1,2 млн теңге грант ұтып алып, мал шаруашылығымен айналысуда.

– Мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алып, жылқы өсірумен айналысып жатырмын. Ата-бабаларымыз төрт түліктің ішінде жылқы малын ерекше қадір тұтқан. Мінсе – көлік, жесе – тамақ, сауса – сусын. Алға қойған мақсатым да бар. Жылқы басын көбейтіп, бордақылаумен де айналысатын боламын. Кез келген істің белгілі бір қиындығы мен сын сағаты болады. Бұл жұмыс табан етті талап еткенмен, берер берекесі мол. Сондықтан да бұл кәсіпке балаларымды да баулып жүрмін, – деді есептегі ер адам.

Аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, пробация бақылауындағы азаматтар арасында үш сотталған жеке кәсіп ашып, мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алған. Олардың барлығы мал шаруашылығмен айналысып, ісін дөңгелетіп отыр. Тағы екі азамат жеке кәсіп ашуға ниеттеніп, курс оқып жатыр. Олар сертификатын алған соң өз жобаларын комиссия алдында қорғап, мақұлданып жатса, мемлекеттен қайтарымсыз грант алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру