Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді

Ақмола полицейлері зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада Астрахан ауданының полиция бөліміне 2022 жылғы 17 қарашаға қараған түні дүкенге кіріп, бес млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы аудан ауылдарының бірінің 56 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері Павлодар қаласында елорданың 27 жастағы екі тұрғынын ұстады.

Қаскүнемдер дүкенге пластикалық есікті қысып ашу арқылы кірген, металл есік ілмектерден алынып тасталған. 250-ге жуық зергерлік бұйымдар қаскөйлердің олжасы болған.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер – зергерлік бұйымдар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта басқа адамдардың осы қылмысты жасауға қатысы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру