Павлодар облысында қатты аязда жолаушыларға көмек көрсеткен полицейлер алғысқа бөленді
Павлодар облысында қатты аязда көмек көрсеткен полицейлерге алғыс айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Қала тұрғыны Ақсу қаласы полиция бөлімінің қызметкерлеріне учаскелік полиция инспекторы Әлібек Әлімбековке және УҰИ кезекшісі Еламан Советке көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
28 қараша күні сағат 17.00 шамасында Павлодардағы Торговая көшесімен өтіп бара жатып, учаскелік полиция инспекторы Әлібек Әлімбеков пен УҰИ кезекшісі Еламан Совет жолда тұрған кішкентай баласы бар қызды көрген. Қызға көмек керек екенін түсінген полиция қызметкерлері бірден тоқтаған. Ол көлігінің іске қосылмағанын, ал өтіп бара жатқан көліктер көмекке тоқтамағанын айтты. Әлібек Әлімбеков пен Еламан Совет бірден қала тұрғынына көмектесу туралы шешім қабылдады. Олар анасы мен баланы үйге әкеліп, көлікті сүйреп апарған.
– Қатты аязда маған көмектескен полицейлерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Оларға зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасыларына бақыт пен амандық тілеймін! – деп жазды Павлодар тұрғыны.