Қайтарымсыз несие аламын деген Жаңаөзен тұрғыны ақшасынан айырылды
Қайтарымсыз несие аламын деген Жаңаөзен тұрғыны ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңаөзен қаласының тұрғыны қайтарымсыз грант аламын деп алаяқтың арбауына түскен. Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Оған келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрайды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басы анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын аса сақ болуға шақырады.