Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған дәріханаларының бірінде құрамында есірткісі бар препарат рецептсіз сатылған

Талдықорған дәріханаларының бірінде құрамында есірткісі бар препарат рецептсіз сатылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдің полицейлері жастардың дәріханалық нашақорлыққа қызығу деректерінің жиілеуіне байланысты құрамында есірткі бар препараттарды рецептсіз сату фактілерін анықтау жұмыстарын күшейтті. 

Фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектілерін тексеру жөніндегі рейдтік іс-шаралар әртүрлі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізіледі. Соңғы дерек Талдықорған дәріханаларының бірінде анықталды. Онда фармацевт трамадол апиынды анальгетикті дәрігердің рецептінсіз сатты. Бұл дерек кейіннен процедуралық шешім қабылдау үшін ресми түрде тіркелді. Фармацевтке қатысты жиналған материал фармакологиялық бақылауға жіберілді.

Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес, айыппұл санкциялары түрінде жаза көзделген.

Соңғы төрт айда өңірде осындай 20 құқық бұзушылық анықталды.

– Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Есірткі және психоактивті заттарды сақтау, өткізу немесе дәрілік препараттарды дәрігердің рецептісіз сату фактілері туралы, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар туралы ақпаратты облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына хабарлауға болады: 60-80-47 (күндізгі уақытта), 8 705 345 99 03 немесе 102 арнаға (тәулік бойы), – дейді Жетісу облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру