Талдықорған полицейлері жол ережесін бұзған 46 автобус жүргізушісін анықтады
Талдықорған полицейлері жол ережесін бұзған 46 автобус жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған полицейлері «Автобус» алдын алу профилактикалық іс-шарасының аясында жолаушыларды тасымалдау көлігі жүргізушілерінің 46 бұзушылығын анықтады.
– Көлікті заңсыз қайта жабдықтау фактілері, міндетті техникалық байқаудың жоқ болуы, рульде ұялы телефондарды пайдалану және басқа да құқық бұзушылықтар анықталды. Екі автобус айыппұл тұрағына қойылды, – деді Талдықорған ҚПБ ППБ командирі Руслан Примжанов.
Естеріңізге сала кетейік, 5-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Автобус» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шара жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мен оның санын азайтуға, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.