Алматы полициясы мен еріктілер есірткі жарнамасын жойды
Алматы полициясы мен еріктілер есірткі жарнамасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы халқы тығыз орналасқан аудандарының бірінде жастар есірткі-граффитиін бояу науқанына қатысты. Граффити-суреттерді бояу, синтетикалық есірткінің таралуы туралы мәліметтері бар жазуларды анықтау және жою науқаны Әуезов ауданы әкімдігінің және «Наркостоп» еріктілер лигасының көмегімен өткізілді.
– Еріктілер мен колледж студенттері тұрғын үйлердің, гараждардың, кеңсе ғимараттарының қабырғаларында есірткінің таралуына ықпал ететін трафареттер мен сайттарды жарнамалайтын граффитиді бояуға қатысты. Бүгінге дейін Алматы қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің күштерімен 6 мыңнан астам есірткі граффитиі боялды. Есірткіге үгіт-насихат суреттерінің 300 мыңнан астамын еріктілер бояды. Жастарды есірткінің зиянын біліп, осы аксиоманы қалың бұқараға, өз қатарластары арасында жеткізу үшін осындай іс-шараларды өткізуге барынша тартуымыз бекер емес. Жалпы, мұндай іс-шараларды өткізуде профилактикалық құрамның маңызы зор, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.