Павлодарлық полицейлер мас күйде көшеде жатқан әйелге көмек көрсетті
Павлодарлық полицейлер мас күйде көшеде жатқан әйелге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың көшелері мен қоғамдық орындарына тәулік бойы патрульдеу жүргізеді. Тексеру барысында мас адамдарды және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтайды.
– Бірнеше күн бұрын сағат 21.00-де кезекті патрульдеу кезінде полицейлерге Естай көшесінде дүкеннің жанында әйел адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жерге тәртіп сақшылары жетті. Бұл ретте ол ешқандай сауалнамалық деректерді түсіндіре алмады, өйткені ол қатты мас күйде болды, – деді Павлодар қаласының патрульдік полициясы батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Айта кету керек, бұл уақытта көшеде қатты аяз болды, ал қала тұрғыны үшін жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді.
Полицейдің айтуынша, әйел полиция пунктіне жеткізіліп, оған жедел жәрдем шақырылып, кейін ауруханаға жатқызылған.
Биыл алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша Павлодар облысының 8759 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.