Павлодар облысында құжатсыз көлік басқарған жүргізуші анықталды
Павлодар облысында құжатсыз көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Toyota Camrу көлігінің жүргізушісі көлікті дұрысты басқармағандықтан полицейлердің назарын аударды
– Полицейлер қызметтік планшет арқылы 2021 жылдың қаңтар айында жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндегені үшін көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды, – деді Екібастұз қаласының патрульдік полиция ротасының командирі Фаруз Құсембеков.
Сол күні түстен кейін Toyota Camrу көлігінің 32 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Ал көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін ол жүргізуші куәлігіне тестті қайта тапсыруға міндетті екенін айтты.
– Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысына қатысты. Жүргізушілер жолда абай болыңыз, әсіресе қыс мезгілінде. Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, жолаушылар мен туыстарыңыздың денсаулығы да жол қауіпсіздігін сақтауға байланысты, – деді Фаруз Құсембеков.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының жолдарында құжатсыз көлік жүргізген 519 жүргізуші анықталды. Барлығы қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылды.