Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен ЖҚЕ бұзған жүргізуші анықталды

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсан күні сағат 22:25 шамасында Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен 14-шағын ауданда орналасқан облыстық әкімшілікке қарсы жолда мемлекеттік белгісінің орнына СВОЙ жазуы бар шамадан тыс жылдамдықты асырып келе жатқан Mercedes Benz автокөлігі анықталды.

Жедел басқару орталығы бірден патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне бағыттама беріп, жедел әрекет етудің нәтижесінде автокөлік тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-тармағы және осы кодекстің 612-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Автокөлік құралының мемлекеттік белгісі шешіліп, темір тұлпар айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру