Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының тұрғыны 11 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді

Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны 11 пәтер ұрлығын жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

С.есімді азамат негізінен Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке секторда ұрлық жасап жүрген.

Оның “жұмысынан” келген жалпы шығын 2 миллион теңгеден асады.

– Ер адам үй иелерінің үйде жоқтығына көз жеткізіп, жеке үйлерге кіріп, ақша, электроника, зергерлік бұйымдарды, бір сөзбен айтқанда, тауып алғанның және оңай алып кететіннің бәрін ұрлап кеткен. Кезекті ұрлықтан кейін ол ұсталды. Қазіргі уақытта қаскөйдің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтарын құжаттандыруға бағытталған қажетті тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген қылмыс белгілеріне сәйкес бір өндіріске біріктірілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру