Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тонау жасады деген күдікке ілінген ер адам анықталды

Астанада тонау жасады деген күдікке ілінген ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта «102» пультіне қала тұрғыны жүгініп, оны тонап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Біржан сал көшесіндегі «Дәулет» СҮ ауданында бейтаныс екі ер адамды кездестірген. Әрі қарай әңгімелерін біреуінің пәтерінде ішімдік ішіп отырып жалғастырмақ болып шешім қабылдады. Біраз алкоголь ішкеннен кейін ер адамның бірі жәбірленушінің тамағына «кескіштің» өткір жүзін қойып, зорлық-зомбылық көрсету арқылы қорқытып, күртешесі мен күзен бас киімін беруге мәжбүрлеген, содан кейін оларды киіп, пәтерден жүгіріп шыққан.

Тонаушыны ұстау үшін Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде елорданың 44 жастағы тұрғыны анықталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат ПД УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру