Алматыда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 23 дерегі анықталды
Алматыда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 23 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, пиротехникалық бұйымдардың айналымын оңтайландыру, халық арасында жарақаттануды және өрттердi болдырмау, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, шығару тәртiбiн сақтауын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме саудада жеткізушілерді анықтау мақсатында 2022 жылғы 25 желтоқсан мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында ТЖД өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірлесіп «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы жүзеге асырылып жатыр.
– Қазірдің өзінде 169 рейд жүргізіліп, 17 базар тексерілді. Іс-шараның үш күнінің ішінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 23 дерегі анықталып, жалпы салмағы 1500 келіні құрайтын 137 қорап пен 125 пиротехникалық батарея тәркіленді. Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тұрғындар арасында жарақаттануды болдырмау мақсатында полиция жасақтарының назары кәмелетке толмағандардың пиротехникалық бұйымдарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының аумақтарында пайдаланылуының жолын кесуге және пайдалануына аударылды, – деді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау бөлімнің бастығы Рахым Толоқұлов.