Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері көлік ұрысын қуып жүріп ұстады

Абай облысының полицейлері көлік ұрысын қуып жүріп ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» арнасына сағат 23:00 шамасында полицияға Глинки көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлік ұрланғандығы туралы сигнал келіп түсті. Жүргізуші көлік құралын автотұрақта ашық қалдырғандықтан, қаскүнемге оны айдап әкету қиынға түспеді. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бағдар алып, Рысқұлов көшесі бойында ұрланған көліктің қозғалысын «ізін суытпай» анықтады. Көлікті тоқтатуға тырысқаннан кейін қаскүнем тәртіп сақшыларының талабын елемей, жылдамдығын арттырып, жасырынуға тырысқан. Егер жолда көлікті тоқтатуға асыққан полицейлер болмаса, Абай облысының 27 жастағы тұрғыны ұрланған автокөлікпен емін-еркін жүре берер еді. «102» арнасына сағат 23.00 шамасында полицияға Глинки көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлікті ұрлау туралы сигнал түседі.

Көлік құралының тізгінінде көлік жүргізуге құқығы жоқ мас күйінде 27 жастағы жергілікті тұрғын болған. Медициналық мекеменің куәландыру нәтижесі 2,01 мг/л оның орташа масаң болғанын және өздігінен аяғына тұра алмайтынын растады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаскүнемге айып тағылып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру