Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері бір күнде екі қылмыс жасаған күдіктіні ұстады

Астана полицейлері бір күнде екі қылмыс жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ауыр қылмыс жасады деген күдікпен елорданың 23 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жас жігіт күндізгі уақытта асханалардың біріне кіріп, дәретханаға баруды сұрағаны анықталды. Шығып бара жатып, ол қойманы көріп қалады, сол жерден тауық аяқтары салынған қорапты көтеріп алып шығады. Сосын асхана қызметкерлерінің назары басқа жақта болғанын пайдаланып, мекемеден шығып кетіп қалған.

Әрі қарай, қылмыстық ниетпен ол Сарыарқа даңғылындағы үйге қарай бет алып, онда ескі үлгідегі автомобиль тұтқаларын тарту арқылы есігі құлыпталмаған ВАЗ 21102 көлік құралына тап болады. Оның үстіне көлік кілттері оталу құлпында қалып қойғандықтан, оны айдап әкету қиындық тудырмаған.

Жедел уәкілдер дүкендердің көлік иесінің банкомат картасымен төлем жасалғаннан кейін күдіктінің ізіне түсті. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру