СҚО педагогтары мен қоғам белсенділері полицейлерге алғыс білдірді
СҚО педагогтары мен қоғам белсенділері полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
М. Жұмабаев ауданындағы Ұзынкөл орта мектебінің директоры Рушана Нұрмағамбетова ювеналды полиция инспекторы Шолпан Тоқпаеваға алғысын білдірді.
– Шолпан Тоқпаева қиын өмірлік жағдайға тап болған әрбір баланың өміріне түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды, – дейді ол СҚО ПД бастығы Айдын Қабдулдиновтың атына жазған хатында.
Шолпан Тоқпаева ауданның 9 ауылдық округінде 17 мектеппен жұмыс істейді. Ұзынкөл — ірі ауылдардың бірі, мұнда 139 бала оқиды.
– 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдермен жұмыста ең бастысы – байланыс табу. Жеке көзқарас қажет. Мен әрқашан психологтардың көмегіне жүгінуге тырысамын. Өткен жылы олар үйінен кете бастаған орта мектеп оқушысымен жұмыс істеді. Қыз депрессияға ұшыраған. Дағдарысты еңсеру үшін сенімді қарым-қатынасқа түсу керек болды. Қазір қыз анасымен қарым-қатынасын қалпына келтіріп, оқуға қайта оралды, спортпен шұғылданады, – дейді полиция қызметкері Тоқпаева.
«Үміт. Сенім. Мейірімділік» қоғамдық қорының құрылтайшысы Нелли Штайнбренер Facebook-те Петропавл учаскелік, сондай-ақ қалалық ПБ қабылдағыш-таратушы қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Полиция қызметкерлері Ақжан Әубәкіров пен Айдар Қуандықов жалғызбасты зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға барады. Олар жаңа жыл қарсаңында қор қызметкерлеріне жұмысшы кенттегі көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетуді ұсынды. Олардың бірінде 7 бала тәрбиеленіп жатыр. Нелли Штайнбренер полицейлерге қайырымдылық акцияларын өткізуге көмектескені, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырғаны, жастар ортасында жағымсыз құбылыстардың алдын алғаны үшін алғыс білдірді.
СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, мұндай алғыс – Балалар жылының лайықты аяқталуының белгісі.
– Өскелең ұрпақты қорғау — біздің ортақ Отанымыздың болашағы үшін заңдылық пен құқықтық тәртіптің берік іргетасын қалауға бағытталған полиция жұмысының басымдықтарының бірі, – дейді ол.