Елордада көлік жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кетті
Елордада көлік жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеше елорданың сол жағалауында кәмелетке толмағанның қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Күндізгі уақытта Chevrolet Nexia автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып Бұқар Жырау көшесіне бұрылған кезде жолдан жаяу жүргіншілер өткелімен, бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіп бара жатқан 10 жастағы баланы қағып кетті.
Апат салдарынан иығы жарақаттанған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы, өткен тәулікте қалада 79 ЖКО тіркеліп, екі адам жарақат алды.
– Қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды және енгізілген жол шектеулерін бақылауды ұсынамыз. Көлік құралдарының жүргізушілері желдің металл және өзге де заттарды бұзуын ескере отырып, көліктің зақымдану мүмкіндігі барынша азайтылған жерлерде көліктерін қойғаны дұрыс, – деп атап өтті полицияда.