ШҚО полицейлері арнайы санаттағы тұрғындарға үйде құжат рәсімдеуге көмектесіп жатыр
ШҚО полицейлері арнайы санаттағы тұрғындарға үйде құжат рәсімдеуге көмектесіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрғылықты жеріне барып, жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Әдетте, бұл жағдайда паспорт немесе жеке куәлік жүріп, тұруға қабілетсіз адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да жеңілдікке ие санаттарына үйде беріледі.
ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына 1200-ден астам үйге, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратындарға баруды ұйымдастырды.