Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері екі шетелдіктен синтетикалық есірткі тәркіледі

Атырау полицейлері екі шетелдіктен синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтар күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1 келіге жуық синтетикалық есірткі заттарын сақтаған Қырғызстан Республикасының 2000 жылы туған және 2002 жылы туған азаматтарын анықтап, ұстады. Күдіктілердің айтуынша, олар есірткі затын такси арқылы Шымкент қаласынан тасымалдап әкеліп, интернет арқылы сатпақ болған.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамалды. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру