Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда әуежайында мас жолаушы азаматтардың мазасын алған

Елорда әуежайында мас жолаушы азаматтардың мазасын алып, полицейлерге бағынбаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне кафе даяшысы жүгінді. Ол кафеге келген азаматтардың мазасын алып, өзін дөрекі ұстаған белгісіз бір адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрады.

Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, тексеру барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам масаң күйде болған және полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ЖПб қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ол «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болған.

– Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434, 440 және 667-баптары, яғни ұсақ бұзақылық жасағаны, алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК (17 250 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – деп түйіндеді сөзін М. Айтуғанов.

Сонымен қатар ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау жөніндегі материалдар шешім қабылдау үшін Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру