БҚО полицейлері жүк көлігі бұзылып қалған шетелдік жүргізушіге көмектесті
БҚО полицейлері жүк көлігі бұзылып қалған шетелдік жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тас жолда бұзылған фураның жүргізушісі БҚО полицейлеріне алғысын білдірді. 14 қаңтар күні кешке Орал – Атырау автожолының 35-ші шақырымында полиция қызметкерлері For авариялық сигналдары қосылған жол жиегінде тұрған фураны байқап, бірден тоқтады. Белгілі болғандай, жүк тиелген көлік Түркиядан – Атырауға бағыт алған. Рөлде 50 жастағы жүргізуші, Түркия азаматы болған.
Ауыр жүктің қозғалтқышы сынған, жүргізуші көлігінің бұзылуына байланысты көліктің суық салонда тоңып қалған. Полицейлер болған оқиға туралы облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне хабарлап, жүргізушіні жылыту, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, түнде қонатын жері және жүкті қорғау бойынша шаралар қабылдады. Негізгі қиындық жүргізушінің тілді білмеуі болған.
БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин түрік тілін еркін меңгерген. Сол бойда ол компанияның түрік басшылығымен байланысып, орналасқан жерін түсіндіріп, сондай-ақ жүктің сақталуы мен жүргізушінің өміріне алаңдауға ешқандай себеп жоқ екенін хабарлады.
– Құрметті БҚО тұрғындары мен қонақтары жолға шықпас бұрын көлік құралының техникалық жай-күйін тексеруді, қашықтықты және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығы кезінде алыс сапарлардан аулақ болуларыңызды сұраймыз. Елді мекендерден тыс жерлерге шықпау, ауа райы жағдайлары және көлік құралдарының қозғалысын шектеу туралы SMS хабарламаларға назар аударуды еске саламыз, – дейді Батыс Қазақстан облысы бойынша ПД.