Қостанайлық полицейлер аккумулятор ұрлағандарды ұстады
Қостанайлық полицейлер аккумуляторларды ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда көліктерінен аккумуляторлар ұрланған үш тұрғын полицияға жүгінді. Анықталғандай, қылмыс түңгі уақытта орын алған. Үйлерінің маңайындағы стихиялық автотұрақтарда тұрған көліктер зардап шеккен.
Бір эпизодта күдіктілер көліктің әйнегін сындырса, басқа екі жағдайда капотты сындырған.
Полицейлер түнгі уақытта қала көшелерін күшейтілген тәртіпте патрульдеуді бастап, негізгі патрульдік полицейлерден бөлек жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері де кезекшілікке шықты. Қосымша күшті тарту нәтижесінде үш ұрлық бойынша күдіктілер ұсталды.
– Патрульдеу барысында сипаттамаға сәйкес келетін белгілер бойынша үш күдікті адам байқалды. Жігіттердің ұрлық сериясына қатысы бар екендері анықталды және де осы кеште олар қайтадан қылмыс жасамақ болған, бірақ полиция олардың жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Бұрын осындай құқық бұзушылықтар үшін сотталған 32 жастағы, 34 жастағы және 36 жастағы үш күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп атап өтті Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Мейрам Базарбаев.
Полицейлер азаматтарға өз көліктерін стихиялық автотұрақтарда қалдырмау және оларды дабыл жүйесімен жабдықтау туралы тағы да ескертеді.