Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны ұсталды

Жамбылдық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шу ауданындағы шаруа қожалығының аумағында тараздық 36 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаруа қожалығының аумағын тексеру барысында сарайдың бұрышынан өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 3 келі 780 гр кептірілген марихуана және 795 гр гашиш есірткісі екендігі анықталды.

– Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру