Қызылордада ұрлық жасаған екі ер адам сотталды
Қызылордада ұрлық жасаған екі ер адам сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың қараша айында түнгі уақытта мекемеден телевизор, төрт компьютер ұрланғандығы туралы арыз түскен болатын. Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті, 33 және 29 жастағы қала тұрғындары анықталып, ұсталды.
Тергеу барысында күдіктілердің жасаған заңсыз іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сараланып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Осы жылдың 5 қаңтарында сотталушылар сот үкімімен кінәлі деп танылып, оларға қатысты 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.