Қостанай облысының полицейлері құрдасын тонаған жігітті құрықтады
Қостанай облысының полицейлері құрдасын тонаған жігітті құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жітіқара ауданының полиция қызметкерлері күш қолданып, тонау жасаған күдіктіні ұстады.
25 қаңтарда Жітіқара қаласының полиция бөлімінің кезекшісіне жас жігіт тонау туралы арызбен жүгінген.
Күдікті көшеде 20 жасар жігітке дене жарақатын салып, IPhone 11 телефонын, құлаққап және қолма-қол ақшасын тартып алған. Қарақшы оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған факті бойынша полицияның барлық жасақтары бағытталды. Нәтижесінде 30 минуттан кейін ұрлық жасағаны үшін бұрын да жауапкершілікке тартылған 21 жасар жергілікті тұрғын ұсталды.
Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.