Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндеген

Павлодар облысында жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы, оның ішінде алкагольдік мас күйінде жасалған жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша полицияның үздіксіз жұмыс жасауына қарамастан, сонда да жүргізушілер өз өмірі мен өзгенің өмірін қатерге тігіп, осындай істер жасайды.

 

24 қаңтарда сағат 19:30-да Ақсу қаласының Астана көшесінде патрульдік полиция взводының қызметкерлері қозғалысымен күдік туғызған Kia Rio Prestige маркалы автокөлігін тоқтатты.

–  Әңгімелесу барысында жүргізушіден алкагольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыруға сәйкес 59 жастағы тұрғын алкагольдік мас күйде болды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қаласы патрульдік полиция взводының командирі Сәбит Естай.

Полицияда жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.

Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру