Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері оқушыларға тәжірибелік сабақтар жүргізді

Алматыда полицейлер оқушыларға тәжірибелік сабақтар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде полиция қызметкерлері мен “Қызыл жарты ай” ҮЕҰ-ның мамандары тәжірибелік сабақтар жүргізді.

– Бағыттар: “Жол қозғалысы ережелерін сақтау” және “Алғашқы медициналық көмек көрсету”. Бұл мәселеде бізге дәстүрлі түрде “Қазақстанның Қызыл Жарты Айы” ҮЕҰ-ның өкілдері көмектеседі. Олар жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар циклін үнемі өткізеді. Бұл тәжірибелік сабақтар теориялық әдебиеттер мен алғашқы медициналық көмек қобдишаларын таратумен бірге жүреді. Бұл дағдылар болашақ ұрпаққа өзін және басқаларды ауыр жарақаттардан қорғауға мүмкіндік береді. Зиян келтіріп алмас үшін оны дұрыс жасау маңызды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Өткен жылы Алматы жолдарында балалардың қатысуымен 822 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 9 бала қаза тапты, тағы 900-і жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру