Оралда ұландықтар суық қарумен жүрген азаматты ұстады
Оралда ұландықтар суық қарумен жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күнделікті Орал қаласының тыныштығын күзету мақсатында қала көшелеріне жауынгерлік қызметке шығады.
1 ақпан күні ұландықтар өздерінің жауынгерлік қызметтерін атқару кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Н. Жангазин өзінің серіктестерімен бірге өздеріне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген сәтте өздеріне қарсы келе жатқан белгісіз азамат олардың күдігін оятқан. Әскери жасақ бастығы қатардағы Н. Жангазин күдік тудырған азаматқа жақындап келіп тоқтатып, өзін таныстырып, сұқбат жүргізеді.
Әңгімелесу барысында әлгі азаматтың ішімдік ішкенін анықталды. Ұландықтар күдіктіге сыртқы тінту жұмысын жүргізеді. Тінту барысында сырт киімінің қалтасынын 7 см ұзын жүзді пышақ табылды.
Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.