Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылықты аман алып қалды

Полицейлер Шымбұлақта сайға құлап кеткен алматылықты аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі сағат жетілер шамасында “102” арнасына бір жігіт телефон соғып, тауда жүргенде сайға құлап кеткенін, өздігінен шыға алмай қалғанын хабарлады.

Жас жігіт дереу ЖБО операторына өзінің орналасқан жерін жіберіп, ұялы телефонында бір пайыз қуаты қалғанын айтты.

– Дабылды хабарға бірінші болып біздің әріптесіміз – полицей Әнуар Қашыбаев жауап берді. Бір минуттан кейін әріптесім, учаскелік аға инспектор – Дархан Сары екеуміз дер кезінде жеттік. Іздеуді бастадық. Қараңғы батып кетті, тек дыбыстарға мән бердік. Бір кезде көмек сұраған дауыстарды естідік, олар төменнен шығып жатты. Сол жерге жақын маңда мопед тұрды. Ер адамның даусы, абайсызда сайға құлап, бұрын құлаған шыршалардың бұтақтарынан ұсталып қалғанын айтты. Жас жігіт үрей үстінде болды, бұл кезде қатты тоңып қалған. Біз оның қасына түстік, жылыту үшін киімдерімізді үстіне жаптық, арнайы құтқару құралдарының көмегімен құлаған адамды жоғары қарай көтеріп алдық. Содан кейін оны ары қарай тексерілу үшін ауруханаға жеткіздік, – деп хабарлады, 83-УПП-нің учаскелік инспекторы Асхат Рысбеков.

Жәбірленушінің курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Сол күні кешке тау ауасымен тыныстау үшін шатқалға шыққан. Алайда бұл серуен қайғылы аяқтала жаздады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру