Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда әйел адам тергеу изоляторында отырған баласына ақша бермек болды

Алматыда әйел адам тергеу изоляторында отырған баласына ақша бермек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінің фронт-кеңсесінің тексеру бөлмесінде тергеу тұтқынындағы баласымен қысқа мерзімді кездесуге келген әйелдің заңсыз әрекеті әшкере болды.

Ол шалбарының ішкі қалтасына 5 мың теңге жасырып, өткізбекші болған. Оның 27 жастағы баласы өткен жылдың аяғында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының санкциясымен тұтқындалған болатын.

№72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемелерді қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді және сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, онда бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза да айқын жазылған.

Қазіргі таңда тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған әйелге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру