Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Абай облысында қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейдегі ет дүкендерінің бірінде жұмыс істейтін 49 жастағы қала тұрғыны қарақшылықтың құрбаны болды.

Қаңтар айының соңында “102” арнасына қарақшылық шабуыл туралы хабарлама келіп түсті.

– Жәбірленушінің айтуынша, оған екі жас бала шабуыл жасап, ұрып-соғып, қалтасындағы ақшасын алып алған. Келтірілген залал сомасы 20 мың теңгені құрайды, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Семей қаласының екі тұрғыны ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

Қарақшылық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлімінде (Қарақшылық) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру