Түркістан полицейлері көлікті мас күйде басқарған жүргізушіні анықтады
Түркістан полицейлері көлікті мас күйде басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданында күнделікті жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәулік бойы қызметте жүрген полицейлер түрлі жағдайлардың алдын алып, рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп отырады. Осындай кезекті рейд кезінде полицейлер артқы жарық шамы жанбай келе жатқан ВАЗ-21070 көлігін тоқтатқан.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы 1-1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.
Осы сәтте оның мас күйде екендігін байқап, бірден медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің масаң күйде автокөлік басқарғаны анықталды.
Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс құжаттар жинақталып, заңды шешімін қабылдау үшін сотқа жолданды.