Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар әйелді ұстады

Алматылық полицейлер бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе бірқатар қызмет түрлерін алуда өзін делдал ретінде “ұсынған” 55 жастағы әйел туралы болып отыр.

– Бұрын істі болған күдікті, жалған есімдерді пайдаланып, белгілі бір мәселелерді шешу үшін азаматтардың ақшасын заңсыз иемденген. Ипотека және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға, бастапқы жүргізуші куәлігін алуға, оқу орындарына түсуге, факультеттерден ауысуға және т.б. көмектесуге уәде берді. Кейбіреулерге әйел адам айтқан шарттар тартымды және тиімді болып көрінді. Олар жинақтарын делдалға беріп, оның орнына уәделер мен кепілдіктер алған. Қазіргі уақытта полицияға 7 адам арызданған. Ол ұсталды, – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.Аталға дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру