Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ер адам тұрғынның телефоны мен қомақты қаржысын қолды қылған

Шымкентте ер адам тұрғынның телефоны мен қомақты қаржысын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 50 жастағы
тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, 18 қаңтар күні сағат 20:35  шамасында бұрын-соңды көрмеген бейтаныс ер адам әмияны мен Samsung A50 телефонын ұрлап, ондағы банк
қосымшасы арқылы ақпараттық жүйеге заңсыз кіріп есеп-шотынан 535 мың теңгесін заңсыз иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі – 800 мың теңге.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі
тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің “ізін суытпай”, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Белгілі болғайндай, ол Шымкент қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға
қатыстылығын анықтап жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру