Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тұрмыстық техника ұрлаған жігіт анықталды

Алматыда тұрмыстық техника ұрлаған жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Әуезов ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы үйлердің бірінен тұрмыстық техника ұрланды.

Жедел уәкілдер тез арада күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 21 жастағы С. есімді азамат.


– Күдікті бөтен үйге терезені бұзу арқылы кіргені анықталды. Жеңіл ақша табуды мақсат етіп, үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланған. Ең бірінші көзіне түскен теледидарды алған. Үй иесі келтірілген материалдық шығынды 110 мың теңгеге бағалаған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азаматтың жалпы қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру