Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ХҚКО-ға келген ер адам жақын маңдағы үйдің күзетшісін тонап кеткен

Астанада ХҚКО-ға келген ер адам жақын маңдағы үйдің күзетшісін тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны белгісіз біреудің оның жұмыс орнынан құны 90 мың теңге тұратын құндыз бөрігін ұрлап кеткені туралы полицияға хабарлаған.

Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үй кешенінің паркингіне орнатылған камералар ер адамның түсіп келе жатқанын және күзет кабинасының жанында ұрлық жасау үшін қолайлы сәтті күтіп тұрғанын жазып алған. Күдікті бөтеннің затын ұрлап алып, қоғамдық көлікке отырған.

Алматы ауданы ПБ-ның жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жезқазған қаласында бұрын істі болған 42 жастағы азаматты анықтады. Ер адам кінәсін толық мойындады. Заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Оның елордада осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру