Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғындарының телефондарын алып кеткен алаяқ ұсталды

Елорда тұрғындарының телефондарын алып кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» арнасына қала тұрғыны хабарласып, 30 минут бұрын бейтаныс адам оның Samsug Galaxy телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленуші хабарлағандай, көшеде белгісіз адам оған жақындап, шұғыл қоңырау шалу керек деген сылтаумен телефонын сұраған. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытып, ер адам жайлап алыстап, содан кейін қадамын тездетіп, қашып кеткен.

Осылайша, алаяқ қала аумағында төрт адамды алдаған. Сонымен қатар күдікті дүкен сатушысын да алдаған. Тауарларды сатып алғанда, алаяқ банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасағандай болып жалған чек көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру