Ақмола полицейлері қымбат жабдық ұрлығының күдіктісін қолға түсірді
Ақмола полицейлері қымбат жабдық ұрлығының күдіктісін қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 ақпан күні Целиноград ауданының полиция бөліміне ТКШ бөлімі басшысының 15 ақпанға қараған түні белгісіз адамдар Алтынсарин ауылындағы жарық таратқыштан аспалы құлыпты бұзу арқылы 13 реле сымдарын ұрлады деген арызы келіп түсті.
Күдіктілер кешенді трансформатор станциясының дабылына зақым келтіріп, бөлмеге кіріп, қымбат жабдықты ұрлап кеткен. Келтірілген залал сомасы 6 млн теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шортанды ауданының 27 жастағы және елорданың 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.