Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті оңтайландыру туралы кездесу өтті

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті оңтайландыру туралы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының жобалық тобы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Нұржан Омаровпен жұмыс кездесуін өткізді. Онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті оңтайландыру мәселесі қаралды.

– Кездесу барысында «әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі арқылы сотта қарау үшін әкімшілік істерді электрондық форматта жіберу мәселелері талқыланды. Бұл шешім қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға, құжат айналымын қысқартуға және әкімшілік іс жүргізу процесі толық цифрландыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті кездесуге қатысқандар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру