Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер мас жүргізушілерді құрықтады

Жамбылдық полицейлер мас жүргізушілерді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады.

Ағымдағы жылғы 26 ақпан күні Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 52 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары көлік жүргізушісінің мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның мас күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ Б.Момышұлы ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде Lada автокөлігін басқарған 32 жастағы ер адамды ұстады. Оның сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 34-бабының 1-бөлігімен (Аса қажеттілік) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысының полиция департаменті мас жүргізуші туралы «102» тетігіне қоңырау шалу немесе Instagram-дағы «zhambyl_police» ресми парақшасына жазу арқылы хабарлауға болатынын ескертеді. Барлық келіп түскен хабарламалар бойынша полиция қызметкерлері қажетті ден қою шараларын қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру