Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының ПД кадрлық рекрутинг тәсілдерін өзгертті

Қостанай облысының ПД кадрлық рекрутинг тәсілдерін өзгертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осының арқасында жыл басынан Қостанай облысының полиция департаментіне қызметке 58 адам қабылданды.

Қостанай облысының полиция департаментінде “Үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру” тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Негізгі міндеттер құқықтық тәртіп мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын іздеу, сондай-ақ полиция жұмысын трансформациялау шаралары болып саналады.

Негізгі бағыттардың қатарында ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін дамыту бар. Бұл міндетті іске асыру үшін ІІМ реформалау шеңберінде кадрлық рекрутингте тәсілдерді өзгерту көзделген.

– Қазіргі уақытта біз мектеп түлектерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жолы біз ведомстволық оқу орындары – Ш.Қабылбаев атындағы академияны, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ Академиясын, ІІМ Алматы академиясын және М. Бөкенбаев атындағы ІІМ Ақтөбе заң институтын таныстырдық. Іс-шаралар полиция департаментінің мұражайында ұйымдастырылды. Осылайша, түлектер Қостанай полициясының тарихымен танысып қана қоймай, оқуға түсу үшін ведомстволық жоғары оқу орындары туралы біле алады, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.

Оқушылар полицей мамандығына қызығушылық танытты. Оларды тамаша жұмыс жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер қызықтырды.

– Осы уақытқа дейін мен полиция қызметінде жұмыс істеймін деп ойламадым. Бірақ осы танымдық кездесуден кейін мамандыққа деген менің көзқарасым өзгерді. Диплом алғаннан кейін ішкі істер органдарына жұмысқа келу үшін мен ұсынылған университеттердің біріне түсуге тырысамын, – деді 11 сынып оқушысы Мақсат Ахметов.

Өз кезегінде Ардақ Ынтықбаев жақсы полицей болу үшін тек дене шынықтыру дайындығы, аттестатта жақсы бағалар ғана емес, ең алдымен адалдық, парасаттылық, азаматтарға жанашырлықпен қарау және мамандыққа деген қызығушылық қажет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру