СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері телефонды кіргізудің кезекті әрекетін тоқтатты
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері телефонды кіргізудің кезекті әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша №48 мекеме РММ-де жедел ақпаратты іске асыру барысында әкімшілік қызметкерлері № 6637 әскери бөлімнің әскери қызметшілерімен бірлесіп автокөлікті өткізу үй-жайында, аумаққа кіретін, ГАЗель жүк көлігінің салонын тексеру кезінде құжаттар арасында фото-бейне камерасы және интернетке қолжетімділігі бар Samsung телефоны табылып, тәркіленді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына байланысты автокөлік жүргізушісіне қатысты материалдар жиналып, жауапкершілікке тарту үшін Петропавл қаласының сотына жіберілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес жүргізушіге ескерту немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, жоғарыда аталған телефон тәркіленеді.
– Мекемелерде қолданылатын ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес сотталғандардың өзімен бірге алып жүруіне рұқсат етілетін заттардың тізбесі мен саны болады. Ішкі тәртіп ережелерінде көзделмеген ақша мен бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де заттарды, құжаттарды, бұйымдарды, тамақ өнімдерін, оның ішінде телефондарды сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Осындай заттар табылған жағдайда оларды мекеме әкімшілігі алып қояды, – деп атап өтті режим бөлімінің жедел уәкілі Нұрболат Серали.