Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Іздестіру” операциясы: іздеуде жүрген 290 қылмыскер ұсталды

ІІМ ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын жүргізді. Іс-шараның екінші күнінде іздеуде жүрген 290 қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері аса ауыр және ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы операциялар ұйымдастырды.

Мәселен, Жамбыл облысының Қордай ауданында полиция қызметкерлері өткен жылдың қараша айынан бері іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол Алматы қаласының түнгі клубының жанында бейтаныс адамға қасақана пышақ салып өлтірген.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жедел уәкілдер 2002 жылдан бастап Алтай өлкесі бойынша Ресей ІІМ қызметкерлері Камень-на-Оби қаласында қарақшылық шабуыл жасаған кезде ер адамды өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы ресейлікті анықтап, ұстады.

Өткен жылдың қараша айында Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінің жанында жәбірленушілерге шыны бөтелкемен және күрек кесіндісімен дене жарақатын салған ақтаулық бұзақылардың жүрген жері анықталды. Елорда полицейлері көрші Өзбекстандағы әріптестерінің сұрау салуы бойынша 2022 жылдың қазан айынан іздеуде жүрген Өзбекстанның 23 жастағы азаматшасын ұстады. Ол құдалықты сылтауратып, 21 жастағы бұрынғы танысын Андижан облысынан алып кетіп, оның жалаңаш фотосуреттері мен бейнелерін таратпағаны үшін әпкесінен ақша бопсалаған. Осыдан кейін ол Қырғыз Республикасының аумағында жәбірленушіні белгісіз адамдарға сатып жіберген.

Қостанай қаласында өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Санкт-Петербург полициясымен бопсалағаны үшін іздеуде жүрген әйел ұсталды.

Сонымен қатар ТМД елдерінің аумағындағы операция барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекетіміздің құқық қорғау органдары іздеген адамдарды тұтқындады.

Шемонаиха ауданының Первомайск кентіндегі саябақта әйелмен бірге арақ ішіп, жыныстық қатынастан соң өлтіргені үшін 1994 жылдан бері іздеуде жүрген Шығыс Қазақстан облысының 62 жастағы тұрғыны Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде құрықталды.

Ресей Федерациясының Новороссийск қаласында жергілікті полиция қызметкерлері Шымкенттің тәртіп сақшылары алаяқтығы үшін іздестіріп жүрген 23 жастағы Қазақстан азаматын анықтап, қолына кісен салды.

Операцияның екі күнінің қорытындысы бойынша барлығы іздеуде жүрген 290 қылмыскер анықталып, ұсталды. Оның ішінде кісі өлтірген – 5, денсаулыққа ауыр зиян келтірген – 7, қарақшылық шабуыл жасаған – 2 және тонау қылмысы бойынша 10 адамды қолға түсірді. Сондай-ақ оның ішінде:

– республикадан тыс жерлерде – 19 (Ресейде – 11, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 2, Молдовада, Германияда, Чехияда және Түркияда – 1);
– Достастық елдері үшін – 137 (Ресей үшін – 90, Өзбекстан және Қырғызстан үшін – 19, Молдова – 4, Түрікменстан – 3, Тәжікстан және Армения үшін – 1).
Сонымен қатар полиция қызметкерлері 79 хабар-ошарсыз кеткен адамның жүрген жерін анықтады. Оның ішінде біреуін Беларусь Республикасының тәртіп сақшылары іздестіріп жүрген еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру